Иіс тиген бір адам көз жұмып, екеуі ауруханаға жатқызылды - ОҚО
АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданындағы Қаратөбе ауылында, кеше 11 с.. 25 мин. иіс тиіп уланған 51 жастағы ер адам ажал құшты.
Ал 51 жастағы әйел және 23 жасар азамат ауруханаға жатқызылды.
Бұл жайлы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.