Иіс тиіп уланған әйел қаза тауып, 2 бала ауруханаға жеткізілді

АСТАНА.  28 қаңтар. ҚазАқпарат - Иіс тиіп уланған әйел қаза тауып, 2 бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Иіс тиіп уланған әйел қаза тауып, 2 бала ауруханаға жеткізілді

Алматы қаласының Алатау ауданына қарасты Мәметова көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің қатты отынмен жанатын пеш ақауынан шыққан иістен уланған 39 жастағы әйел қаза тапты.

Сондай-ақ дәл осы күні Астана қаласының Алматы ауданында Сырымбет көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің қатты отынмен жанатын пеш ақауынан  шыққан иістен уланған 2003 және 2006 жылы дүниеге келген балалар ауруханаға жеткізілді.