Иіс тию салдарынан екі адам қайтыс болды, оның біреуі - бала - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат - Алматының Медеу ауданында бейсенбі күні екі пәтерлі жеке тұрғын үйде қатты отынмен жанатын пештің ақаулығынан 48 жастағы әйел және 21 жасар жас азаматқа иіс тиіп қалды. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.
Сол күні Талдықорған қаласында көліктерге қызмет көрсету орталығындағы бокста оталып тұрған көлікті жөндеу кезінде 26 жасар көлік слесарі газға уланып, оқиға орнында көз жұмды.
Атырау облысының Мақат ауданында екі қабатты үйдегі пештің ақауынан сегіз жасар балаға иіс тиіп, қайтыс болды. Тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.