ИКАО Қазақстанда ұшу қауіпсіздігіне тексеріс жүргізуді көздеп отырған жоқ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) келесі жылға арналған ұшу қауіпсіздігіне тексеру жүргізуге байланысты әмбебап бағдарламаны орындау жөніндегі электронды бюллетені шығарылды, деп хабарлайды ҚР Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Бұл құжатта ұйымға мүше мемлекеттердің авиациялық билік орындары мен ИКАО-ның алдағы кезеңдегі жоспарлы тексеру жұмыстары қамтылғанын айта кетейік.
Жарияланған жоспарға сәйкес ИКАО биыл және келесі жылы Қазақстанның азаматтық авиация қызметіне аудит жүргізуді қарастырмайды.