IKEA компаниясы босқындарға арнап 4 сағатта құрастырылатын баспана шығарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шведтік-нидерландтық IKEA компаниясы мен БҰҰ-ның Босқындар ісі жөнінен басқармасы ынтымақтастық туралы келісім жасасты.
None
None

Бұл туралы newsru.com хабарлайды.

Жобаға Better Shelter - «Ең жақсы баспана» деген атау берілді. IKEA тапсырыс бойынша тез құрыстыратын 10 мың баспана жасап шығарады.

Оның алғашқы легі осы жазда жеткізілмек. Мұндай әр үйдің жарығы күн батареяларынан қамтамасыз етіледі. Ал пластик көбіктен құйылған панельдер баспананы жылы етеді. Мұндай үйдің ауданы шамамен 17,5 шаршы метр. Онда 5 адамға дейін тұруына болады, ал бағасы шамамен 1150 доллар тұрады.

Оны құру үшін 4 сағат уақыт кетеді. Мұндай баспананың бағасы қарапайым шатырлардан екі есе қымбат болса да, оны 3 жылдан астам уақыт бойы пайдалануға болады. Ал шатырлар тек ғана жарты жылға ғана шыдайды.

Соңғы жылдар БҰҰ-ның Босқындар ісі жөнінен басқармасы үшін оңайға соқпағаны мәлім. Себебі 4 жылға созылған Сириядағы соғыс кесірінен 8 млн. халық босып кеткен. Жалпы өткен жылы әлемдегі босқындар саны рекордтық көрсеткішке жеткен.

Соңғы жаңалықтар