20:24, 12 Наурыз 2024 | GMT +5
Ресейде Ил-76 ұшағы апатқа ұшырады
АСТАНА. KAZINFORM – Ресейдің Иваново облысында ұшу кезінде Ил-76 әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырады. Бұл жайында ТАСС агенттігі РФ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Агенттік мәліметінше, ұшақ құлаған кезде өртенген. Қазір өрт толық сөндірілген. Қорғаныс министрлігі ұсынған дерекке қарағанда, бортында 8 экипаж мүшесі және 7 жолаушы болған ұшақтың бір қозғалтқышы ұшқан кезде жанған. Оның неден шыққаны әзірше белгісіз. Бортта болған адамдардың бәрі қаза тапқан.
Апаттың мән-жайын анықтау үшін Ивановоға РФ Әуе-ғарыш күштері Бас қолбасшылығының комиссиясы аттанған.