Ильиннің бапкері Бектеміров штаттық ұлттық командалар дирекциясымен арадағы келісімшартты бұзды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада чемпионы Илья Ильиннің бапкері Тойшан Бектеміров штаттық ұлттық командалар және спорттық резерв дирекциясымен арадағы келісімшартты бұзды, деп хабарлады Новости-Казахстан ауыр атлетика бойынша мемлекеттік бапкер Меңдіхан Тәпсірге сілтеме жасап.
«Иә, бұл шамамен бір ай бұрын болды», - деді бапкер телефон арқылы.
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Ильиннің 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасындағы допинг сынамасынан тыйым салынған зат табылғанын мәлімдеген соң қазақстандық ауыр атлеттердің көшбасшысы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин Олимпиада ойындарына қатыспайтын болды. Кейін белгілі болғандай, Ильин олимпиада чемпиондары Майя Манеза, Светлана Подобедова және Зульфия Чиншанломен бірге Лондондағы Олимпиадада алынған допинг сынамаларды тексергенге дейін жарыстардан уақытша шеттетілді.