Илья Ильин бізге әлі Лондоннан да алтын алып береді - Президент

sp;АСТАНА. Қарашаның 13-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Олимпиада чемпионы Илья Ильин жеңімпаз атанғанда біз оның аяғын жерге тигізбей көтеріп жүрдік.

Илья Ильин бізге әлі Лондоннан да алтын алып береді - Президент

Ал қазір оның денсаулығы сыр берген және нәрестелі болған. Чемпион спорттық жаттығуларынан уақытша  бас тартқан. Біз болсақ, оған  ренжігендей  сыңай  танытамыз. Бұл дұрыс емес», деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұрғындардың тікелей желі арқылы жолданған сауалдарына жауап беру кезінде.

Президенттің айтуынша, И.Ильин  аздаған қиындықтарға  тап  болған кезде спорт саласындағы шенеуніктермен келісе алмаған. «Мен кеше Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетовке осы мәселемен айналысу жөнінде арнайы тапсырма бердім. И.Ильин атақ, даңққа лайықты жігіт. Ол жас. Мүмкін әлдебір кемшіліктер жіберген болар. Біз оның бетінен қақпай, керісінше, барынша қолдауымыз  қажет. Илья әлі бізге Лондоннан да алтын алып береді», деді Мемлекет басшысы.

Осы сөзінен соң спорт саласының мамандарына наразылығын білдірген Президент «Осының барлығы да спорт саласындағы шенеуніктердің  кемшіліктері», деп атап көрсетті.