Илья Ильин Геннадий Головкинді құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин Геннадий Головкинді орта салмақта әлем чемпионының кезекті белбеуін жеңіп алуымен құттықтады, деп хабарлады Sports.kz.
None
None

«Біздің GGG-ні кезекті жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Жарайсың, Гена! Барлығын да чемпиондарша тамаша істедіңІІІ Congratulation», - деп жазды Ильин Instagram-ға.

Еске сала кетейік, бүгін Нью-Йоркте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Давид Лемьені жеңіп, орта салмақ санатында Халықаралық бокс федерациясының (IBF) нұсқасы бойынша чемпион атағын канадалықтан тартып алды.

Соңғы жаңалықтар