Илья Ильин Қазақстан спортшылар одағының филиалына басшылық ететін болды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Қазақстан спортшылар одағы Қызылорда облыстық филиалының басшысы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Илья Ильин Қазақстан спортшылар одағының филиалына басшылық ететін болды

«Бүгін сіздермен жақсы жаңалықпен бөліскім келіп отыр. Мен Қазақстан спортшылар одағының @sportodagy Қызылорда облысы бойынша филиалын басқара бастадым… Туған өңірімде спортты дамыту бойынша үлкен жоспарларым бар. Өз алдыма үлкен мақсаттар қойып отырмын және оларды міндетті түрде жүзеге асырамыз деп үміт артамын!», - деп жазды И.Ильин Instagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ спортшы аталмыш филиал ресми түрде 2020 жылдың 1 қыркүйегінде тіркелгенін мәлім етті.

Айта кетейік, бүгінде Илья Ильин Қызылорда облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры.