Илья Ильин: Кезек маған да келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада чемпионы Илья Ильин қазақстандық ауыр атлетші қыздардың спорттан шеттетілуіне қатысты өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің қыздарды, әрине аяймын! Келесі кезекте мен тұрмын», - деді ол өзінің Твиттер-аккаунтында.

Еске сала кетейік, Халықаралық ауыр  атлетика федерациясы (ХААФ) допинг сынамаларында тыйым салынған препараттар табылған қазақстандық үш ауыр атлетке қатысты санкция қолдану туралы ресми шешім шығарған болатын.

Федерациядан хабарлағандай, ХААФ тәртіптік комиссиясының шешіміне сәйкес, Майя Манеза мен Зульфия Чиншанло спорттан екі жылға, ал Светлана Подобедова 8 жылға шеттетілді.  Шешім Лондондағы Олимпиаданың допинг сынамасын талдау нәтижесінен тыйым салынған заттар табылған сәттен, яғни 2016 жылғы 26 мамырдан бастап күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар
telegram