Илья Ильин қол күресінен Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық армрестлер Илья Ильин Польшада өткен қол күресі бойынша Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, Румия қаласында өткен жарысқа әлемнің 30 елінен келген 500 жуық кәсіби қол күресі шеберлері қатысып, бақ сынады.