Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Илья Ильин Ташкентте өтетін халықаралық турнирге қатысады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 8 ақпан күні ауыр атлетикадан халықаралық бірлік чемпионаты басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Илья Ильин Ташкентте өтетін халықаралық турнирге қатысады

Аталған додаға қатысатын Қазақстан құрамасы қазіргі таңда Шымкент қаласында дайындықтарын пысықтап жатыр.

Өзбекстан астанасы Ташкентте ел сапынан 4 спортшы шығады. Игорь Сон ( 61 кг), Илья Ильин (102 кг), Ибрагим Берсанов (109 кг ) және Раушан Мешітханова (81 кг). Турнир 12 ақпанға дейін жалғасады.