Илья Ильин жұлқа көтеру жаттығуында екінші орында

Бұл сайыс түрінен Қазақ елінің намысын Илья Ильин мен Алмас Өтешев қорғауда. Алғашқы жаттығуда біздің зілтеміршіміз Илья Ильин 185 келіні бағындырып, екінші орынға тұрақтады. Ал оның басты қарсыласы ресейлік Александр Ивановт а дәл осы салмақты бағындырған болатын. Алайда оның салмағы Ильядан сәл жеңіл болуына орай бірінші орынға шығып тұр.
Ал екінші зілтеміршіміз А.Өтешев 175 келілік зілтемірді ырқына көндіріп, әзірше 8 орынға тұрақтады. Алда серпе өтеру сайысы. Бұл жаттығу Ильяның оң жаңбасына келетінін ескерсек, Олимпиада алтынының ауылы алыс емес сияқты.
94 келіге дейінгі салмақ санатында өнер көрсететін Илья Ильин Олимпиада чемпионы, әлемнің ерлер арасындағы 3 дүркін, жастар арасындағы 2 мәрте чемпионы. Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионатында ол 410 келіні бағындырды: жұлқа көтеруден - 180, серпе көтеруден - 230 келі.