Илья Ильиннің дің жасушалары донорлығын қолдауға арналған «Өмірге үміт сыйла» акциясына қатысуы күтілуде

АСТАНА. 27 тамыз. ҚазАқпарат - 28 тамыз күні бүкіл республикада ГДЖ (гемопоэздік дің жасушалары) донорлығын және ерікті өтеусіз қан тапсыру донорлығын қолдауға арналған «Өмірге үміт сыйла» акциясы басталады.

Илья Ильиннің дің жасушалары донорлығын қолдауға арналған «Өмірге үміт сыйла» акциясына қатысуы күтілуде

Қан донорлары, дің жасушалары донорларының көмегі онкологиялық ауруларға шалдыққан науқастар үшін соңғы мүмкіндік болып табылады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, акцияны олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы елдік офисінің басшысы Мелита Вуйнович, ҚР-дағы шетелдік өкілдіктерінің дипломаттары, ҚР Мәжіліс және Сенат депутаттарының қолдауы жоспарланып отыр.

Өмірде донорлармен бір қатарда боламын деушілерді 28 тамыз күні сағат 10:00-де Республикалық трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының ғимаратында күтеді.