Илья Поз «Альфа-Банк» АҚ Еншілес Банкінің Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Илья Поз «Альфа-Банк» АҚ Еншілес Банкінің Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы kase.kz хабарлады.
Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Альфа-Банк" АҚ Еншілес Банкі Қазақстан қор биржасына (KASE) жолдаған ресми хатында 2015 жылдың 21 желтоқсанында Директорлар кеңесінің Төрағасы болып Поз Илья Владимирович сайланғаны туралы хабарлаған.