Ильян Илин Кореяда жаттығып келді

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат -Қазақстандық ауыр атлет үш дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Олимпиадаға дайындығын пысықтауда.

Ильян Илин Кореяда жаттығып келді

Жақында Илья Корея елінде кезекті оқу-жаттығу жиынынан оралды. Бұл жайында «Аламан» спорт агенттігі жариялап отыр.

 «Оның алдында Парижде, Польшада жаттығып келгенмін. Енді жоспар бойынша Кореяда дайындалып қайттым. Алда жаттығуымды Шымкент төрінде жалғастырамын»,- деді Илья сұхбатында.

 Осы ретте Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан Еуропа чемпионатында 94 келіде (Ильяның салмағында) жеңімпаздар анықталды. Кәрі құрлық додасында Анатолий Кирику топ жарды.

 94 кг. 1. Анатолий Кирику (Молдавия) - 402 кг  (178 кг  + 224 кг в). 2. Ауримас Дидзбалис (Литва) - 395 (180+215). 3. Аслан Бидеев (Ресей)- 382 (170+212)

Кирикудың еңсергені біршама салмақ. Парижде Ильин 407 келіні бағындырғанын ескерсек, арасы бес келі ғана. Демек, Кирикуден де қауіп бар.

Осы тұста естеріңізге сала кетейік, сәуірдің 25 күні Кореяда Азия чемпионаты басталады. Бұл додаға Қазақстан екінші құрамасын апарады.