Ілбістің Алтын-Емел Ұлттық паркінде түсірілген сирек кездесетін суреттері жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық қар барыстары қорының директоры Арман Қашқынбеков өзінің Facebook парақшасында ілбістің сирек кездесетін суреттерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Автор суреттердің Алматы облысындағы Алтын-Емел ұлттық табиғи паркінде 50 метр қашықтықтан түсірілгенін айтады.

«Тұңғыш рет ілбіс Алтын-Емел ұлттық табиғи паркінде қамыстардың арасында 50 метр қашықтықтан түсірілді. Түркі әлемі үшін қар барысы жылындағы керемет жаңалық. Халықаралық қар барысы қоры қазақстандықтарды осы оқиғамен құттықтайды және ұлттың символын қорғауға бағытталған жұмыстарды жалғастыра бермек»,-деп жазды Арман Қашқынбаев.

Осыған дейін «Көлсай көлдері» ұлттық паркіне қойылған фототұзаққа ілбістің ұрғашысы мен 1 жастағы аланы түсіп қалған еді.



Соңғы жаңалықтар