Іле-Алатау паркіндегі өрт отты дұрыс пайдаланбау салдарынан орын алған - АШМ

АСТАНА.  28  тамыз. ҚазАқпарат -22 тамызда Алматы қаласы маңындағы Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің Медеу филиалы Кіші Алматы орман шаруашылығында  орын алған өрт  отты дұрыс пайдаланбау салдарынан туындаған.

 Іле-Алатау паркіндегі өрт отты дұрыс пайдаланбау салдарынан орын алған  - АШМ

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, орман алқабын шарпыған өртті сөндіруге 710 адам, 62 техника бірлігі, 4 тікұшақ жұмылдырылған. Орман өрті былтырғы жылғы желсұлатпадан тазартылған учаскеде орын алса керек. Ал аптап ыстық пен күшті жел тілсіз жаудың тез тарауына әсер беріп, оның үстіне таулы аймақта өртті тез ауыздықтау біршама қиындық тудырған.

Орман өрті жалпы 21 гектар аумақты шарпыған.