Іле Алатауы паркінің жерін қайтару бойынша сотта 3 іс қаралып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Іле Алатауы паркінің басшылығы табиғи ортаның тазалығын сақтау мен заңсыз алынған жерлерді қайтару туралы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берді.
None
None

«Жасыл құтқару» баспасөз мәслихатында Іле Алатауы паркінің біраз жері заңсыз тартып алынғаны туралы айтылған болатын. Жасыл ұйым өкілдері парк территориясында бұзылған ғимараттар, иесіз жайлар бар екендігін алға тартқан болатын.

Парк басшылығы аталған проблемалардың бар екендігін растады.

«2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап  ҚР АШМ Орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі комитетінің аймақтық инспекциясымен ведомствоаралық комиссия құрылды. Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатта екенін айта кету керек. Комиссия мүшелері кейбір жерді пайдалланушыларының ұлттық парк территориясында қызмет етуінің заңдылығын тексерумен айналысады. Олар арнайы материал жинап, аудандық әкімдіктерге хат жібереді. Ақпарат толық жиналған соң біздің заңгерлер сотқа береді. Кейбір тұлғалардың Ұлттық парк территориясында жұмыс жасауының заңдылығы сотта шешіледі. Қазір сотта үш іс қарастырылып жатыр», - деді парк басшылығы арнайы сауалға жауап ретінде.

Парк басшылығының айтуынша, Іле Алатауы территориясында сатып алынған жекеменшік учаскелер де бар көрінеді. 

«Бұл жерлер 1996 жылға дейін Ұлттық парк құрылғанға дейін сатылып алынып, жекешелендірілген. Бұл учаскелер заңды десек болады. Ұлттық парк құрылған соң қоршалған жерлер заңсыз болып табылады. Енді мұндай жерлердің қожайындарымен соттасуға тура келеді. Одан бөлек бізде жалға алушылар бар. Біз жер учаскесін 5-49 жылға жалға береміз. 5 жылға жалға алынған аумақта құрылыс жұмыстарына тыйым салынады. Тек киіз үй, беседка, велотұрақ салуға ғана рұқсат беріледі.

Бұл жердегі мақсат туризм мен рекреациялық бағытты сақтап қалу», - деді баспасөз хатшысы Дәурен Әбенов.

Ал 49 жылға жалға берілген территорияда үлкен құрылыс салуға болады.

«Алайда ол жерлер тек туристік мақсатта пайдаланылады. Адамдар ол жерде үй салып тұруына болмайды. Жалға алушылардың қызметі ерекше қорғалатын аймақтарды жалға алу ережесімен 10,53 реттеледі. Оның барлығы парк басшылығының қарауында», - деді баспасөз хатшысы.

Қазіргі таңда Іле Алатау ұлттық паркінде 320 қызметкер шатта, 65 қызметкер штаттан тыс жұмыс жасайды.

Мұның алдында Іле Алатауы ұлттық паркінің болашақтағы өзгеруі қалалық Қоғамдық кеңес отырысында талқыланған болатын.

Соңғы жаңалықтар