Іле Алатауынан өз бетінше түсе алмай қалған шетелдік туристер құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Іле Алатауынан өз бетінше түсе алмай қалған шетелдік туристер құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іле Алатауынан өз бетінше түсе алмай қалған шетелдік туристер құтқарылды

«Кеше 112 пультіне Іле Алатауы тауларында шетелдік ерлі-зайыптылар Башут шыңынан өздігінен түсе алмайтыны туралы ақпарат келіп түсті.
Зардап шеккендерді іздеуге ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы мен қаладағы құтқару қызметінің құтқарушылары шықты.

Польшаның екі азаматы, 1987 жылы туған әйел адам мен 1983 жылы туған ер адам құтқарылды. Туристерді Медеуге дейін жеткізді» делінген хабарламада.
Шетелдік азаматтар құтқарушыларға алғыс білдірді.