21:06, 24 Маусым 2016 | GMT +5
Іле Алатауында барыстар тағы да фотоқақпанға ілінді (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Іле Алатауында барыстар тағы да фотоқақпанға ілінді. Қазақ Географиялық Қоғамының «Қар барысын құтқарып қалайық» атты жобасы аясында түсірілген жаңа фотосуреттер қоғамның фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жария етілді.

«Алматы аймағында болған нөсер жауындар кезінде қала мен ауыл тұрғындары ғана емес, сонымен бірге биік таулардағы қар барыстары да жаңбыр астында қалып жатты. Фотоқақпандардың жанынан өтіп бара жатқан барыс өзінің малмандай су болып бара жатқанына қатты наразы сияқты болып көрінді», - делінген хабарламада.