Іле Алатауында қар көшкіні болуы ықтимал

АЛМАТЫ. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - "Алматы гидрометеорологиялық бақылау орталығы" мемлекеттік кәсіпорны 23-24 желтоқсанда Алматы облысындағы тауларда қар көшкінінің болуы ықтимал екендігін ескертеді.

Іле Алатауында  қар көшкіні болуы ықтимал

"Іле Алатауында қар бетінің тұрақсыздығына байланысты 2700 метр биіктік аумағында қар көшуі мүмкін",- делінген аталмыш орталықтың хабарламасында. Сондықтан, дем алушылдардың абай болғандары жөн.