Іле Алатауындағы №6 көлдің жағдайы тұрақты, қауіп жоқ - Алматы қаласы ТЖБ

АЛМАТЫ. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Биыл Іле Алатауындағы №6 көлден Алматыға қатер төнбейді. Бұл жайында бүгін Алматы қаласы ТЖБ бастығының орынбасары Юрий Ильин арнайы өткен баспасөз мәслихатында айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ағымдағы жылдың 5-6-шы тамызы аралығында қала әкімдігінің бұйрығымен жасақталған комиссия, «Қазгидромет», «Қазселденқорғау», География институты және ТЖБ-ның мамандары қосылып Кіші Алматы бассейніндегі Мәншүк Мәметова мұздығындағы көлдің қысымдылығына өлшеу жұмыстарын жүргізіп, тәуелсіз есептеу өткізуге мәліметтер алынған. "Осы мағлұматтарға сүйене отырып, комиссия мүшелері бір ауыздан 2010 жылы қалаға көлден еш қатер төнбейді деген тоқтамға келді. Өткен жылдармен салыстырғанда көлдегі су көлемі мұздың еруіне байланысты көтерілген, дегенмен тереңдіктің ұлғаюы байқалмайды", дейді Ю. Ильин.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде №6 көлдің ұзындығы - 258 метр, ені - 136, орташа тереңдігі - 9,3, барынша тереңдігі - 20,9 метрді құрап, жалпы көлдегі судың көлемі 229,6 мың текше метрге жеткен.

Зерттеу комиссиясының мүшесі, «Қазгидромет» Климатты және су проблемаларын зерттеу басқармасының директоры Байысқан Қожахметов жылдан-жылға мұз еріп, көлге су жиналып келе жатқандығын айтады. «Оның қауіпін азайту үшін географиялық, биологиялық, физикалық зерттеулер жүргізуіміз керек. Өйткені жиналған су жер астына сіңіп кетіп жатыр, ол қайда кетіп жатыр - белгісіз. Ертең ол жер су салмағын көтере алмай жылжып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан бір шешім қабылдап ол жерде бұрғылау, жару сияқты жұмыстарды жүргізуге әлі ерте, зерттеу жұмыстарын жүргізу керек», дейді Б.Қожахметов.

Соңғы жаңалықтар