Іле-Балқаш резерватындағы табиғи өрт сөндірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 шілдеде сағат 18.10-да өрт оқшауланып, 10 шілдеде сағат 11-24-те сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іле-Балқаш резерватындағы табиғи өрт сөндірілді

Оқиғаның салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Өртті «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғат резерваты» мекемесі және Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 26 адамы және 13 техникасы, оның ішінде мотопомпаларын, жүзу құралдарын пайдалана отырып сөндірді»,-делінген хабарламада.