Ілеспе газды пайдаға асыру бойынша компаниялардың негізгі бөлігі өндірістерін жаңғыртуды биылғы жылы аяқтауы тиіс

АСТАНА. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ілеспе газды алаулатын жағу 3,1 миллиард текше метрден 1,7 миллиардқа дейін азайды.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада ілеспе мұнай газын пайдаға асыру жарату және жағуды азайту бойынша аймақтық семинардан кейін Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Мәжит Тұрмағамбетов мәлім етті.

«Ілеспе мұнай газы бағалы көмірсутекті шикізат болып табылады. Сондықтан оны алаулатын жағу жол берілмейтін ысырап», - деді ол.

«Қазақстан бүгінде көмірсутек шикізатының қоры бойынша әлемде алғашқы ондыққа кіріп отыр. Қазіргі кезде бізде 58 компанияның ішінде 30-і газды алаулатып жағады»,-деді М. Тұрмағамбетов.

Осыған байланысты вице-министр қазіргі кезде ілеспе мұнай газын жағуды азайту бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.

«Бүгінде компаниялардың негізгі бөлігі ілеспе газды кәдеге жарату бойынша өздерінің барлық өндірістерін жаңғыртуды биылғы жылы аяқтауы тиіс. Кейбір компаниялар, яғни 2-3-і 2011 жылдың ортасына дейін қалатын болады. Содан кейін газды алаулатын жағуға толығымен тыйым салу іске асырыла бастайды»,- деді ол.

Осы тұрғыда М. Тұрмағамбетовтың ілеспе газды жағу 2006 жылы 3,1 миллиард текше метр болғанын, бұл көрсеткіш 2009 жылы 1,7 миллиард текше метрге дейін төмендегенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар