Ілеспе газды тиісті деңгейде кәдеге асырмаған компанияларға табиғат байлығын пайдалануға тыйым салу қажет ? Н.Ысқақов

АСТАНА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Елімізде ілеспе газды тиісті деңгейде кәдеге асырмаған компанияларға табиғат байлығын пайдалануға тыйым салу қажет.
None
None
Бүгін Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Отырыс барысында, республикадағы мұнай компанияларының ілеспе газды кәдеге асыру жөніндегі міндеттерін орындамай отырғандығына наразылығын білдірген министр, «ілеспе газды жағу қазір үлкен дау тудырып отырған мәселелердің бірі. Біз осыған дейін бұл газды жағуды 2007 жылға дейін тоқтату қажет деген шешімге келген болатынбыз. Алайда, бұл проблема әлі созылып келе жатыр. Ал осыған дейінгі жағылған газдың мөлшері жағаңды ұстатады. Елімізде жұмыс істеп жатқан бір ғана Қытайдың «СНПС» компаниясы жылына 80 мың АҚШ доллары тұратын газ жағады. Ал біздің көптеген елді мекендер көгілдір отынсыз күнелтуде. Ал газымыз осылайша босқа жануда. Ол аз болса, газдың құрамында табиғатқа зиянды заттар да жетерлік. Бұл мәселені біз бүгін шешуіміз қажет», деп атап көрсетті министр.
Соңғы жаңалықтар