Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нахчыван әуежайына соққыны айыптағаны үшін алғыс білдірді

АСТАНА. KAZINFORM – Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нахчыван әуежайына соққыны айыптағаны үшін алғыс білдірді.

Ilham Aliyev thanks Kassym-Jomart Tokayev for condemning strikes on airport in Nakhchivan
Фото: Ақорда

Ильхам Әлиев бұл туралы өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

 - Мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Иран мемлекеті тарапынан Нахчыван әуежайына жасалған шабуылдарды айыптағаны және біздің елімізге Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы одақтас және бауырлас рухта қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін, - делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, Ираннның ұшқышсыз ұшатын аппараттарының Нахчыван қаласындағы әуежайға шабуыл жасауына байланысты өзінің ұстанымын білдірді.

Президент ұстанымы бауырлас, одақтас Әзербайжанға жасалған аталған актіні қатаң  айыптайды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы болған оқиғаға Иранмен бірлесіп, тергеу жүргізілетінінен, өңірдегі шиеленісті қоздырудың алдын алу үшін аталған жағдайдың дипломатиялық жолмен реттелетінінен үміттенетінін жеткізді.