Ильхам Әлиев Таулы Қарабақта Әзербайжан туын көтерді
Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев Таулы Қарабақта мемлекеттік туды көтерді, деп хабарлайды Kazinform.
Azertag агенттігінің жазуынша, Президент Ильхам Әлиев Әзербайжанның мемлекеттік туын екі бірдей қалада көтерген.
Әзербайжан басшысы Ту көтетеру рәсіміне қатысқан қала қазір Агдере деп аталады. Ол бұрынғы Таулы Қарабақтың орталығы саналатын. Ел арасында Ханкендиі және Степанокерт атаымен де танымал. Сондай-ақ, мемлекеттік ту Сарсан су қоймасының аумағында да көтерілді.
Azertag мәліметі бойынша Ильхам Әлиев Шуша ауданындағы Аскеран бекінісі мен Малыбейли ауылына да барған.