Ілияс Омаров ағаңдай бол деп бата бергені мен үшін үлкен құрмет - Д.Мыңбай
Д.Мыңбай атап көрсеткендей, кешегі кеңестер дәуірінде ұлт рухының үнжырғасы түсіп, дәстүріміз дәріптеусіз, мәдениетіміз босағадан сығалаған заманның болғаны жасырын емес. «Ұлт намысы сынға түскен осындай күрделі кезеңде де мәдениетіміздің көшін алға сүйреген ардақты азаматтар өмір кешті. Солардың бірі де бірегейі - халқымыздың біртуар перзенті Ілияс Омаров. Ол ұлтын жанындай жақсы көрген, елін ерекше құрмет тұтқан қайраткерлігін айтуымыз қажет. Жастайынан ананың аялаған алақанынан, әкенің ыстық ықыласынан айырылып, тағдырдың ащы азабын тартса да, оның өмірге деген ұмтылысы, білімге деген құлшынысы әрқашан биік белестерге бастап отырды. Қайраткердің өмір жолына көз салсақ, 28 жасында мәдениет министрі қызметіне тағайындалды. Аз ғұмырында, бар болғаны 58 жылдың ішінде ол кісі екі мәрте министр, обком хатшысы, республикалық компартияның хатшысы қызметтерін абыроймен атқарды. Ілияс Омаров биік мансап үшін емес, ұлт мәдениетінің ұлықтаудағы ұлы мақсат жолында тер төкті. Шынымды айтсам, біз министр болып тағайындалғанда, анау бол, мынау бол емес, ілгеріде ұстаз бол деп бата беретін. Жеке менің басыма еліміздің талай ардақты азаматтары «Ілияс Омаров ағаңдай бол!» деп бата бергенін мен өзім үшін құрмет санаймын. Ұлт мәдениетінің біртуар тұлғасы, қазақ руханиятының маңдайалды өкілі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ілияс Омаровтың ғамырлық мерейтойы құтты болсын!», - деп атап көрсетті Д.Мыңбай.
Айта кетейік, «Руханият сардары» кешінде елімізге белгілі сахна жұлдыздары мен шығармашылық топтар өнер көрсетті. Сондай-ақ іс-шараға І.Омаровтың туған-туысқандары қатысты. Олардың ішінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы, қайраткердің немересі Ілияс Омаров та бар.