Ілияс Сүлейменов ширек финалға шыққан сегізінші қазақстандық боксшы атанды
АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандық Ілияс Сүлейменов Әлем чемпионатының ширек финалға шығу үшін қырғыз елінің боксшысы Азат Үсеналиевпен қолғап түйістірді, деп хабарлайды Sports.kz.
Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы жеңіске жетті. Жартылай финал жолдамасы үшін Ілияс Уэльстің үкілеген үміті Эндрю Сэлбимен шаршы алаңға шығады.
Бұған дейін дүбірлі доданың 1/4 финалына Біржан Жақыпов (49 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг) және Иван Дычко шыққан болатын.