Илон Маск 2 жылда Марсқа бес миссия жіберуге ниетті

АСТАНА. KAZINFORM – Америкалық SpaceX ғарыш компаниясы екі жыл ішінде Марсқа бес ұшқышсыз миссия жіберуді жоспарлап отыр. Бұл туралы компания басшысы Илон Маск өзінің X-тегі парақшасында хабарлады.

Илон Маск
Фото: dw.com

Оның айтуынша, ұшқышсыз ғарыш аппаратының ұшу мерзімі мен уақыты жобалардың сәттілігіне байланысты. Егер барлығы жоспардағыдай болса, адамдар төрт жылдан кейін Марсқа өздігінен ұша алады. Мәселелер туындаса, жоспар бірнеше жылға кешігуі мүмкін.

Айта кетейік, Маск осы онжылдықтың соңына дейін адамдар мен жүктерді Айға ұшыруға, әрі қарай Марсқа жіберуге қабілетті үлкен, көп мақсатты, келер ұрпаққа арналған ғарыш кемесі Starship құрастыруға ниетті.

– NASA осы жылдың басында Artemis-3 миссиясын, соның ішінде SpaceX Starship көмегімен Айға алғашқы қонуды 2026 жылдың қыркүйегіне қалдырды. Бұрын бұл 2025 жылдың соңына жоспарланған болатын, – деп мәлімдеді NASA.

Соңғы жаңалықтар