Илон Маск Қытайға не үшін барды

илон маск
Фото: Euronews

АСТАНА. KAZINFORM – Tesla компаниясының бас директоры Бейжіңде ҚХР премьер-министрімен өзін-өзі басқару жүйесін (FSD) іске қосу, сондай-ақ деректерді шетелге тасымалдауға рұқсат беру мәселеcін талқылады, деп хабарлайды Еuronews. 

Tesla-ның бас директоры Илон Маск Бейжіңге Қытай халықаралық сауданы ілгерілету кеңесінің шақыруымен келді. 

Қытай – Тesla үшін екінші үлкен нарық.

Шанхайда компанияның АҚШ-тан тыс жерде орналасқан алғашқы автомобиль зауыты орналасқан, ол өткен жылы шамамен 947 мың көлік жеткізген.

Қытай премьер-министрі Ли Цянмен келіссөз барысында Маск өзін-өзі басқару жүйесін (FSD) іске қосу, сондай-ақ деректерді шетелге тасымалдауға рұқсат беру мәселеін талқылады. 

Маск Қытайға жаһандық автоөндірушілер Бейжің автосалонында өздерінің соңғы үлгілерін, әсіресе электр көліктерін жарнамалаған кезде келді.

Қытай автомобиль өндірушілері қауымдастығының деректері Қытай нарығына шектеулі жылдамдықпен жергілікті саяхатқа арналған NEV (Neighbourhood Electric Vehicle) электр көліктерінің жалпы әлемдік сатылымының шамамен 65% келетінін көрсетіп отыр.

Соңғы жаңалықтар