Илон Маск компаниясы Starlink спутниктерінің екі партиясын ғарышқа ұшырды

Компания Илона Маска запустила в космос две партии спутников Starlink
Фото: Space X

АСТАНА. KAZINFORM – Илон Масктың SpaceX компаниясы араға бес сағат салып ғарышқа Starlink спутниктерінің екі партиясын ұшырып, жаңа рекорд орнатты.

Компанияның сайтында хабарланғандай, 2024 жылдың 11 наурызында Астана уақытымен сағат 04:05-те Канаверал мүйісіндегі (Флорида штаты, АҚШ) SLC-40 алаңнан Falcon зымыран тасығышы арқылы 23 Starlink спутнигі ұшырылды. 

Сол күні Астана уақытымен сағат 09:09-да АҚШ ғарыш күштерінің «Ванденберг» базасынан (Калифорния штаты, АҰШ) орбитаға тағы 23 Starlink ғарыш аппаратын ұшырған Falcon зымыран тасығышы ұшырылды. 

Space X ақпаратынша, екі ұшыру сәтті өтті, ғарыш аппараттары жер маңайындағы орбитаға шығарылған. 

Соңғы мәліметке сәйкес, бүгінде Starlink-тің 6 мыңға жуық спутнигі ұшырылды, соның ішінде 5,5 мыңнан астамы орбитада орналасқан. 

SpaceX компаниясының Starlink жаһандық спутниктік жүйені алғаш рет алты жыл бұрын, 2018 жылдың 22 ақпанында ұшырды. SpaceX жалпы алғанда жер маңайындағы орбитаға 12 мыңға жуық спутник шығаруды жоспарлап отыр. 

Соңғы жаңалықтар