Илон Маск Tesla акциясын сатып алу туралы мәлімдемесіне байланысты істе кінәсіз деп танылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сан-Францискодағы алқабилер соты Tesla негізін қалаушы Илон Маскты 2018 жылғы твитіндегі алаяқтық туралы іс бойынша ақтады. Онда кәсіпкер электромобильдер шығаратын компанияны жекешелендіруді талап еткен еді. Инвесторлар оны осы хабарламамен миллиондаған доллар шығын келтірді деп айыптаған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
None

Сан-Францискодағы алқабилерге Илон Маскты кінәсіз деп тану үшін шамамен екі сағат қажет болды.

Кәсіпкер сот шешіміне пікір білдіріп, өзінің Twitter-дегі парақшасына былай деп жазды: «Құдайға шүкір, адам даналығы жеңіске жетті! Мен қазылар алқасына Tesla 420 ісіндегі кінәсіздікті бірауыздан мойындағаны үшін қатты ризамын».

2018 жылдың 7 тамызында Маск өзінің Твиттерінде Tesla-ны сатып алу және оны жеке компания ету үшін «қаражат жинадым» деп мәлімдеді. Осы кезде фирманың акциялары көтерілді, бірақ іс жүзінде оның компанияны сатып алу үшін қаражаты жетпеді. Бұл туралы белгілі болған кезде акциялардың құны күрт төмендеді.

Осы кезеңде акцияларды сатып алған немесе сатқан акционерлер Маскты алаяқтық жасау арқылы бағалы қағаздардың құнын әдейі басқарды деп мәлімдеді. Соның салдарынан олар миллиондаған доллар жоғалтты.

Масктың өзі Сауд Арабиясының тәуелсіз инвестициялық қорының келісімін алғанына сенімді екенін және ешқандай құқық бұзушылық жасамағанын мәлімдеді. Бұл іс бойынша басқа айыпталушылар, олардың арасында Tesla-ның қазіргі және бұрынғы жеті директоры да заңсыз әрекеттер жасағанын жоққа шығарып отыр.


Фото:Getty Images/ Justin Sullivan

Соңғы жаңалықтар