Илон Маск Twitter-де модераторлар кеңесі пайда болғанын жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Twitter әлеуметтік желісінің басшылығы «контентті модерациялау» бойынша арнайы кеңес құрады. Оның құрамына «көзқарасы айтарлықтай әртүрлі адамдар кіреді», деп хабарлады 28 қазан күні компанияның жаңа иесі Илон Маск. Бұл туралы ҚазАқпарат dw.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Twitter әртүрлі көзқарастары бар мазмұнды модерациялау кеңесін құрады. Бұл кеңес жиналмайынша, есептік жазбаны жүргізуге немесе қалпына келтіруге қатысты маңызды шешімдер қабылданбайды», - деді Маск.
Ол кеңес мүшелері мен олардың өкілеттіктері туралы қосымша мәлімет бермеді.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Маск Twitter-ді сатып алғаннан кейін, басқалармен қатар, әлеуметтік желі қолданушыларын өмір бойы блоктаудан бас тартуды жоспарлап отыр. Осындай тыйым 2021 жылдың қаңтарында Капитолий ғимаратында жақтастарының тәртіпсіздіктерінен кейін аккаунты бұғатталған АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа салынған еді.
Маск бұған дейін әлеуметтік желіні ақша үшін емес, «өзі жақсы көретін адамзатқа көмектесу» мақсатында сатып алу шешімін қабылдағанын мәлімдеген еді.
Бұған И.Маск аталған әлеуметтік желіні 44 млрд долларға сатып алғанын жазған едік.
Фото: enavabharat.com