Илон Маск Twitter-ді 44 млрд долларға сатып алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Илон Маск Twitter-ді 44 млрд долларға сатып алады. Компанияның Директорлар Кеңесі оның ұсынысын қабылдады.Бұл туралы ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осыдан екі аптадан аз уақыт бұрын Twitter-дің иелеріне компанияны сату туралы ұсыныс жасаған Илон Маск бұл әлеуметтік желінің жүзеге асырылмаған әлеуеті зор екенін және оны өзінің іске асыра алатынын мәлім етті.

Сәуір айында Маск Twitter-дің 9,2% акциясын 2,89 миллиард долларға сатып алып, компанияның ең ірі акционері атанды.

Бір апта бұрын болашағы белгісіз болып көрінген мәміле жайлы талқылаулар өткен аптаның соңында қарқын алды. Маск компания акционерлерін шақырып, олармен мәміленің қаржылық егжей-тегжейлерімен бөлісті.

Акционерлердің қысымына ұшыраған Twitter бір акцияға 54,20 доллар ұсынған Маскпен келіссөздерді бастады. Бұл жаңалық шыққан кезде Twitter акцияларының биржадағы бағасы 6%-ға көтерілді.

Ағымдағы мәміленің бағасы Масктың акциялардың 9%-ын сатып алуы туралы хабарландырудан бір күн бұрынғы сауда қорытындысымен салыстырғанда 40% жоғары болып тұр.

Соңғы жаңалықтар