«ИМ» Еуропаға шабуыл жасау үшін 400 содыр дайындаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы Еуропаға шабуыл жасау үшін кем дегенде 400 содыр дайындады, деп хабарлады «РИА Новости» «Ассошиэйтед пресс» агенттігіне сілтеме жасай отырып.

«ИМ» Еуропаға шабуыл жасау үшін 400 содыр дайындаған

Батыс елдеріне шабуыл үшін содырларды Ирак пен Сириядағы арнайы лагерлерде дайындаған. Мәліметтерде содырларға пиғылын жүзеге асыру үшін қолайлы уақыт және орын табу бұйрық етілген.

Содырлар Париждегі, Брюссельдегі лаңкестік оқиғаларындағыдай бірнеше шағын топтарға бөлінген.