19:46, 22 Маусым 2016 | GMT +5
Имад Хамис Сирияның премьер-министрі болып тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирия президенті Башар Асад Имад Хамиске республиканың жаңа үкіметін құруды тапсырды. Бұл туралы САНА ақпараттық агенттігі хабарлады.

Хамис Имад Ваиль аль-Хальки басқарған үкіметте Энергетика министрі болған. Ол үкіметтегі ең танымал шенеуніктердің бірі, деп жазды ТАСС.
Ваиль аль-Хальки бұл қызметке екі рет - 2012 жылы тамыз айында және 2014 жылдың тамызында тағайындалған.
Сарапшылар аль-Халькидің отставкаға кетуін мұнай өніміне қатысты соңғы бағаның көтерілуі төңірегіндегі қоғам наразылығымен байланыстырды.