Иманғали Тасмағамбетов РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде ТМД елдерінің Елшілерін дәстүрлі қабылдауы аясында РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2017 жылы Ресей Достастық елдері арасында төраға ету кезінде атқарылған жұмысты қорытындылады. Осы жылдың жоспарын кеңінен талқылаған ұйым жетекшілері, жүргізіліп отырған көп бағыттағы шаралардың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қоса, сыртқы саясаттағы байланыс мүмкіндіктерін жетілдіруге де ерекше мән берілді.
Кездесу барысында тараптар пікір алмасып, ТМД кеңістігінде интеграциялық үдерістерді дамыту туралы, Достастықтың басқа да өңірлік ұйымдармен болашақтағы жұмысы жайында және өзекті халықаралық проблемаларын сөз етті.