Имантау-Шалқар курортты аймағын дамыту жоспары әзірленуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Имантау-Шалқар курортты аймағын дамыту жоспары әзірленуде. Бұл туралы бүгін Орталық комуникациялар қызметіндегі брифингте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов  айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Имантау-Шалқар курортты аймағын дамыту жоспары әзірленуде

«Біз туризмді өңір экономикасын дамытудың маңызды бөліктерінің бірі ретінде қарастырамыз. Біздің өңіріміздегі туристер үшін ең тартымдысы - бұл Солтүстік Қазақстанның маржаны саналатын Имантау-Шалқар курортты аймағы», - деді ол.null 

Өңір басшысының айтуынша, ол жерге емдік қасиеті бар, су таза Шалқар мен Имантау көлдері орналасқан.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Имантау-Шалқар курортты аймағын дамытудың жеке жоспары әзірленіп жатыр. Астана, сонымен қатар Ресей Федерациясы өңірлері бағытындағы автомобиль жолдары күрделі  жөндеуден өтті», - деді Құмар Ақсақалов.

Фото: qazaqtimes.com