Империя әдебиет пен өнерді тізгіндеу арқылы тұтас бір дәуірдің рухани ұстанымын қалыптастыруға күш салды - ақын Н.Оразалин

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, драматург Н. Оразалин 20-шы ғасыр тарих жадында арғы-бергі дәуірлердің тәжірибесін қорытқан, соның нәтижесінде адам баласының өмір сүруінің орасан үлгілері мен дәстүрлерін қалыптастырған, бір ізге салған ғасыр болғанын айтады.
"Өткен ғасырдың басында құрылған империялық идеологияның мақсаты - түптеп келгенде тоталитарлық жүйенің бейнесін асқақтату, абырой, беделін жұрт санасына бекіту болды. Империя жүйелі жұмыс істеді, әдебиет пен өнерді тізгіндеу арқылы жүйе тұтас бір дәуірдің рухани ұстанымын қалыптастыруға күш салды. Ол мақсатты жүзеге асыру үшін коммунистер әдебиет пен өнер иелеріне жағдай жасауды да жан-жақты ойластырды. Жазушылар одағының өмірге келуі осы бағыттағы қадам еді", дейді Н. Оразалин өз баяндамасында. Ақынның айтуынша, империя өз ойын жүзеге асырып, мақсатына жету үшін сол тұстағы беделді, белгілі қаламгерлерді барынша ұйым жұмысына тартқан. Оның айтуынша, одақ маңына топтасқан Сәкен, Мұхтар, Ілияс, Бейімбет тәрізді көркем сөздің сол тұстағы ірі өкілдері Жазушылар одағын үлкен әдебиетке алып барар, сөз өнерін шыңдаудың шынайы мекеніне айналдыра білген.