Импорт көлемі артты - ҚР Статисика агенттігі

АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қаңтар-шілдеде сыртқы сауда айналымы 74699,6 млн. АҚШ долларын құрап, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 1,4 пайызға төмен.

Импорт көлемі артты - ҚР Статисика агенттігі

«Оның ішінде экспорт - 47881,5 млн. долларды (5,9 пайызға аз), ал импорт - 26818,1 млн. долларды (8 пайызға өсті) қамтыды», - деді бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Сатистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов.

Оның сөзіне қарағанда, биылғы қаңтар-тамызда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 112,5 пайызды құрады.