Импорттың үлесін азайтамыз - Асқар Мамин

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин отандық тауарлардың көлемін ұлғайтуға қатысты негізгі міндеттерді атады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет басшысының айтуынша, жеті жылдан кейін импорттың үлесі 59 проценттен 37-ге дейін түседі. Есесіне отандық тауарлардың көлемі артады. Осыған байланысты өңдеуші кәсіпорындары әртараптандыру шаралары жалғасады.

«2019-2025 жылдары аралығында 300-ге жуық жоба іске асатын болады. Болжамға сәйкес, 2025 жылға қарай қарапайым заттар экономикасы тауарларын өңдеу көлемі 4 триллион теңгеден 9 триллион теңгеге дейін ұлғаяды. Сол кезде бүкіл Қазақстан бойынша 16 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылады. Бұл - аса маңызды әлеуметтік-экономикалық міндет», - деді А.Мамин.

null

Айта кетейік, өткен жылы Ақордада өткен жиында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екінші деңгейлі банктерге қосымша 600 миллиард теңгені бөлуді тапсырған болатын. Аталған қаржыға өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортқа арналған жобаларды қаржыландыру қажет.

«Отандық кәсіпорындар экспортқа басымдық беруі керек. Халық жиі тұтынатын тауарларды көптеп шығарып, қарапайым заттар экономикасын ойлау қажет. Әрбіреуі өз міндетін орындап, басқа нарықтарға шығуға тырысуы шарт. Соның арқасында экспорттық әлеуетімізді ғана емес, ішкі нарықты да отандық тауарлармен толтыра аламыз», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар