ИНЧХОН-2014: Ауыр атлетші Алмас Өтешов күміс жүлдеге қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық ауыр атлетші Алмас Өтешов Инчхондағы Азия ойындарында күмістен алқа тақты, деп хабарлады sports.kz.

ИНЧХОН-2014: Ауыр атлетші Алмас Өтешов күміс жүлдеге қол жеткізді

94 келі салмаққа дейінгі дәрежеде А.Өтешов екінші орынға ие болды. Екі сынның нәтижесі бойынша ол 393 келіні (175+218) көтерді. Бір келі ғана артық көтерген Қытай өкілі Лу Хао үздік атанса, үздік үштікті кореялық спортшы тұйықтады.