ИНЧХОН-2014: Ауыр атлетші Мария Грабовецкая Қазақстан қоржынына тоғызыншы күміс жүлдені салды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореядағы Инчхон қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Ақмола облысының ауыр атлетшісі, ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері Мария Грабовецкая 192 келіні серпе көтерген қытайлық спортшыны ғана алға жіберіп, қола медальға ие болды.

ИНЧХОН-2014: Ауыр атлетші Мария Грабовецкая Қазақстан қоржынына тоғызыншы күміс жүлдені салды (ФОТО)

Мария 75 келіден астам салмақ дәрежесінде жұлқа көтеруде 141 келіні көтерсе, серпе көтеруде 161 келіні бағындырды. Жарысқа Тайланд, Корея, Жапония, Вьетнам және Моңғолия елдерінің өкілдері қатысты.

Ақмола облысының спортшылары Азия ойындарында чемпион және жүлдегер атанған. Соның ішінде Мария Грабовецкая 2010 жылғы ХVІ Азия ойындарының қола жүлдегері, хабарлайды Ақмола медиа орталығынан.