ИНЧХОН-2014: Б.Жақыпов жартылай финалға жолдама алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан 17-ші Азия ойындарында Қазақстан боксшысы Біржан Жақыпов жартылай финалға шықты. Бұл туралы ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

ИНЧХОН-2014: Б.Жақыпов жартылай финалға жолдама алды

49 келі салмақ санатында Қазақ елінің намысын қорғаған Біржан ширек финалда малайзиялық Моххамад Мохдадан 3:0 есебімен басым түсті.

Есте болса, қазақстандық боксшы Гуанчжоу қаласында өткен Азияда ойындарында күміс медаль жеңіп алған болатын. Бұл жолы да Біржан кемінде қола медальмен қанжығасын майлап отыр.