ИНЧХОН-2014: Д.Елеусіновтің Азиада алтынына жетуіне қол созым қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан боксшысы Данияр Елеусінов финалға шықты, деп хабарлады ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен.
Федерация ақпаратына қарағанда, 69 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген жерлесіміз жартылай финалда Түркіменстанның тәжірибелі боксшысы, 2009 жылғы Азия чемпионы Сердар Худайбергеновпен кездесіп, 3:0 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, бұған дейін 52 келі салмақ санатында жұдырықтасатын боксшымыз Ілияс Сүлейменов финалға шыққан болатын. Алда тағы 6 спортшымыз жартылай финалдық кездесуін өткізеді.