Инчхон-2014: Елдос Сметов - Азия ойындарының чемпионы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов (60 келі) Инхчонда өтіп жатқан Азия ойындарының финалында моңғолиялық Болдбаатар Ганбатты ұтты, деп хабарлайды «Қазспорт» арнасы.

Инчхон-2014: Елдос Сметов - Азия ойындарының чемпионы

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының палуаны Елдос Сметов (60 келі) 1/16 финалда тәжікстандық Кабатулло Аминовты ұтқан болатын. Ширек финалда гонконгтық Ю Кин Тингпен кездескен Елдос қарсыласын 110:0 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты. Ал, жартылай финалда жапон палуаны Тору Шишименнен басым түскен еді.

Сондай-ақ қазақстандық палуан Азамат Мұқанов (66 келі) қола жүлде үшін таласта жеңіске жетті. Ол тайпейлік Чиа Хунг Чиеннен басым түсті. Азамат Мұқановтың 1/16 финалдағы қарсыласы ауғанстандық Заки Зубайрулла татамиге шығудан бас тартты.

Ширек финалда қазақ палауаны қытайлық Ма Дуанбинмен кездесіп, 13:10 есебімен жеңіске жетті. Ал жартылай финалда моңғолиялық Төмөрхүлэг Даваадоржға есе жіберді.

Дзюдошы қызымыз Ленария Меңғазова да (52 келі) Азия ойындарында қола медаліне ие болды.Ол жүлделі орын үшін таласта үнді қызы Калпана Деви Зоудамды ұтты.

Айта кетейік, Ленария Меңғазова алғашқы белдесуінде Макао өкілі Чи Ленг Вонгты жеңсе, ширек финалда Моңғолия палуаны Цолмон Адиясамбуудан айласын асырды. Ал финалға берілетін жолдама үшін тартыста Түркіменстан палуаны Гүлбадам Бабамұратованы жеңе алмады.

Осылайша, Азия ойындарының бірінші күнінде Қазақстан қоржынында екі алтын, 3 қола медаль бар. Алғашқы қола жүлдені синхронды жүзушілер Екатерина Немич пен Александра Немич алса, алғашқы алтынды әйелдер арасында 48 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық ауыр атлетші Маргарита Елисеева ұтқан.