ИНЧХОН-2014: Гюзель Манюрова «күміс» еншіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Гюзель Манюрова (75 келі) Инчхонда өтіп жатқан ХVІІ жазғы Азия Ойындарында екінші орынды иемденді.

ИНЧХОН-2014: Гюзель Манюрова «күміс» еншіледі

Бұл туралы Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының сайтында хабарланды. 28 қыркүйекте болған ақтық сайыста Гюзель Манюрова қытайлық балуан Фенг Жоуға есе жіберді (0:11).

75 келі. Жарыс нәтижесі: 1. Фенг Жоу (Қытай) 2. Гюзель Манюрова (Қазақстан) 3. Ин Жу Хван (Оңтүстік Корея), Бурма Очирбат (Моңғолия)